Ұлт Ұстазы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5,7 Абай, Қарауылтөбе ауылдық кітапханалардың ұйымдастыруыменен, халқымыздың біртуар перзенті, «Алаш орда» үкіметінің негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ақыны, әдебиет зерттеушісі, түркітанушы, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлт Ұстазы» атты әдеби-сазды кешіміз мектеп оқушылары,  ұстаздар,  ауыл жастарының , қатысуымен өткізілді. 
   Әдеби кеш Ахмет Байтұрсынов туралы арнайы пролог пен басталып, Абай ауыл әкімінің бас маманы Жүсіпов Асқар Орманбекұлының құттықтау сөзімен жалғасты. Кеш қонағы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының маманы Мұқанқызы Айдана сөз алып, ақынның парасатты да өнегелі өмір жолын қысқаша таныстыра отырып, кітапханаға ақынның кітаптарын сыйға тартты.
   Тіршіліктің жасыл бағынан ерте кетсе де артына ұланғайыр мұра қалдырған халқының аяулы перзенті Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларына кезек беріліп, кітапхана оқырмандары өлендерін  мәнерлеп жатқа оқыды. 
   Ахмет Байтұрсынұлының Семей түрмесінде отырып, өлең арқылы Анасына жазған хатының бейнесін сахналық көрініс арқылы көре отырып, кітапхана оқырмандары тұма бастаудың тұнығын сіміріп ішкендей күй кешті. 
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады.– Жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен туындыларды аударып, оқырман қауымға ұсынды.
А.С.Пушкиннің И.А.Крыловтың мысалдарынан «Бақа мен өгіз», «Есек пен бұлбұл» сынды тағы да басқа көптеген аудармаларын жас оқырмандар жатқа оқып, оқырмандарға шынайы жеткізе білді. 
   Асыл сөзден маржан терген  ақындарымыз  Республикалық ,Облыстық Жыр бәйгелерінің жүлдегері, Халықаралық ІХ «Жас қаламгер»фестивалінің лауреаты, Фариза Оңғарсынованың  «Аманат» иегері Айбану Қалиева және Абай Мәдениет Үйінің әдіскері Манас Молдашев ақынға жүрек жарды   арнау өлеңдерін оқыды.
   Сахна тақырыпқа сай безендіріліп, кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды. Кеш барысында Абай Мәдениет Үйінің әдіскері Айдана «Отан Ана», «Қазақстан» әнін орындап кеш ажарын аша түсті..Шарамызды қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Шамсутдинқызы қорытындылап, шараға қатысушыларға ризашылығын білдіріп, «Алғыс хатпен» марапаттады.

   https://youtu.be/_LpyvugxL5E



13 мамыр 2022 ж. 11

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам