Орамал қасиетін білеміз бе?

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында  «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Орамал  қасиетін білеміз бе?» атты дөңгелек үстел өткізілді.
    Орамал тағу – салт-дәстүрдің бірі. Кешегі ата-әжелеріміз ақ жаулықты құрметтеді. Әдебін сақтады. Ұлттық болмысын ұмытпады. Орамал қыз-келіншектің отбасылы адам екенін аңғартады. Ана екенін, адал ниетпен аттаған шаңырағы бар екенін білдіреді. Осыдан-ақ оның қадір-қасиетін ұғуға болады.Жас келін үшін орамал жаңа өмірдің басталғандығының символы. Қыз ұзатылып, келін болып түскенде беті ашылғаннан кейін үлкен енелері басынан сәукелесін шешіп, ақ орамал салады. Оны жас келінге үлкен ененің салатынында да үлкен мән жатыр. Мұнда ұлтымыздың От-анасы деген ұғымы қылаң береді. Бұрынғы От-анасы, әулетке келген жаңа мүшеге «байрақты» табыстап, аманат етеді дегенді білдіреді. Қазіргі таңда орамалдың қасиетін біліп жүрміз бе? Осы сұрақ төңірегінде шараға қатысушы енелер мен жас келіндер өз ойларын ортаға салды. Орамалдың қадір-қасиеті жөніндегі айтар сөзімізді біздің бүгінгі замандастарымыз біліп жүрсе, артықтық етпес деген ойдамыз.

13 мамыр 2022 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам