ІТ-маманы-болашақтың кәсібі
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада «Парасат жолы» аясында «ІТ-маманы-болашақтың кәсібі»-атты мамандармен сұхбат өткізілді. Әлем сандық ақпараттар ағымымен болашаққа ілгері жылжып келеді, яғни ІТ саласының маманысыз болашағымызды елестету мүмкін емес. Мемлекет басшысы: Отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу өте маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет.-деген болатын. Шараның қонағы Жастар орталығында орналасқан ІТ-парктің басшысы Қуанышбаев Алмат Жомартұлы осы саланың қыр-сырын меңгерген маман ретінде жастардың ақпараттық технологиялар жөніндегі бірнеше сұрақтарына нақты әрі түсінікті етіп жауап берді. Оқырмандарға комьпютер арқылы да, практика түрінде көрсетіп, түсінік берді.



