» » Отбасындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің мәні

Отбасындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің мәні

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №4 кітапханада   «Парасат жолы» жобасы аясында «Отбасындағы ұлттық  тәлім-тәрбиенің мәні»  атты дөңгелек үстел №253 мектепте  ұстаздар мен белсенді оқырмандар арасында  өткізілді. Шара барысында отбасындағы тәлім-тәрбие,  отбасының  ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын,  ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болатыны жайлы  №253 мектептің әлеуметтік психологы Құлымбетова Алтынай  және кітапхана оқырманы Анасова Қарлығаш өз ойларымен бөлісті. Кітапхананың белсенді оқырмандары отбасындағы  ұлттық  тәлім-тәрбиенің тиімді, тиымды  тұстары  жайлы кеңінен әңгіме қозғап, аталған тақырып бойынша әдебиеттер кеңінен таныстырылды. 
    Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың,  мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады.  Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы.

 
16 мамыр 2022 ж. 51

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам