Ұлттың рухани көсемі

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана М.Ералиева атындағы мәдениет үйімен бірлесіп  «Бір ел бір кітап» акциясы аясында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы «Ұлттың рухани көсемі» атты әдеби оқу мектеп оқушыларымен және М.Мәмедова атындағы жоғары педагогикалық студенттерімен, ұстаздардың қатысуымен өткізілді. Әдеби оқу М.Мәмедова атындағы педагогикалық гуманитарлық колледждің студенті Өтепберген Нұркелдінің  А.Байтұрсынұлының «Қазақ салты» өлеңін және Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің 5а  оқушысы Русланұлы Мустафаның  Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың «Заманынан оқ бойы озып туған» атты арнау өлеңін оқуымен ашылды.
    Кеш қонақтары Филологоя ғылымының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  қауымдастырылған профессоры Абасилов Аман Меделханұлы, Облыстық тілдерді дамыту орталығы директорының орынбасары, ғылым магистрі Айдана Махамбет, М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры, республикаға белгілі айтыскер ақын  Мансур Нұрмат Абдуллаұлы XX ғасырдағы қазақ мәдени көшбасшыларының бірі болған, өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие,  қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы А.Байтұрсынұлының өмір жолымен шығармашылығы жайлы кеңінен әңгіме өрбітті.   
    Шара барысында М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің қызметкері, дәстүрлі әнші, айтыскер ақын, үйірме жетекшісі Ж.Шерниязов ақын А.Байтұрсынұлының сөзіне жазылған «Аққұм» әнін орындады.
    Ахмет Байтұрсынұлының басты-мақсаты – қазақ балаларын сауаттандырып көкірек көзіне білім нұрын себу болады. Осы мақсат жолында аянбай қызмет еткен ұлы тұлғаның ұстаздық өмірінен №211, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-лицейдің  5-8 сынып оқушылары   шағын сахналық қойылым көрсетті. 
   Тіршіліктің жасыл бағынан ерте кетсе де артына ұланғайыр мұра қалдырған халқының аяулы перзенті Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларына кезек беріліп, ақынның «Маса» және «Қырық мысал» кітабынан алынған өлеңдерін  Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицей және А.Байтұрсынұлы атындағы  №211 мектеп-лицейдің оқушылары мәнерлеп жатқа оқыды. 
    Шараны  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гулмира Шамсутдинқызы қорытындылап, белсінділік танытқан жас оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады.

     
20 мамыр 2022 ж. 228

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам