» » Қайырымдылық – ниеттен, имандылық – жүректен

Қайырымдылық – ниеттен, имандылық – жүректен

   «Қайырымдылық – ниеттен, имандылық – жүректен»
   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Қамқорлық» бағдарламасы аясында  1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қайырымдылық – ниеттен, имандылық – жүректен» атты қайырымдылық акциясын «Сәулет» балабақшасының бүлдіршіндеріне ұйымдастырды. Акция барысында кітапхана қызметкерлері балаларды мерекемен құттықтап, көпбалалы отбасының балалары Н. Қуанышбай мен А. Бекішке арнайы баланың ой-өрісін дамытатын ойыншықтар, таным көкжиектерін арттыратын кітаптар мен оқу құралдарын сыйға беріп, балабақша тәрбиеленушілеріне тәттілер үлестірді. Мерекелік күні «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жасалған қайырымды іске балабақша ұжымы зор алғысын білдіріп, кішкентай өнерпаздар әсем ән салып, мың бұрала би билеп өз өнерлерін ортаға салды. 
 Іс-шараның мақсаты - балалардың жүрегіне жылу ұялатып, жүздеріне күлкі сыйлау, шығармашылық байланыс орнату.

 
01 маусым 2022 ж. 333

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам