Балауса бағым-шаттықпен қуаныш ордасы
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №5 кітапханада Абай Мәдениет Үйімен бірлесе отырып «Балауса бағым-шаттықпен қуаныш ордасы» атты мерекелік шара өткізілді.Шараның алғы сөзін №138 мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Ақтілеуова Тұңғиық және ардақты ана Өтелова Бақыт апайларымызға беріліп,қонақтар бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.Балалар әр түрлі тақырыпта суреттер салды, жұмбақтар шешті, әдеби викторинаға қатысып, ән мен жырлан шашу шашып өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар кітапханада ұйымдастырылған «Балалар біздің болашағымыз» атты кітап көрмесімен танысты.Шара соңында балаларға тәтті сыйлар таратылып, жеңімпаз балалар сыйлықта рмен марапатталды.







