Әр қашан күн сөнбесін

    Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтуде және  ескі халықаралық мейрамдардың бірі боп саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
    Осы керемет мерекеге орай қалалық орталықтандырылған жүйеге қарасты № 2 балалар кітапханасында «Әр қашан күн сөнбесін» атты ертенгілік ұйымдастырылып,  мерекелік көңіл-күй сыйланды.
    Шара барысында  «Ляйлім» балабақшасының ересек тобының бүлдіршіндері хормен «Мен бақытты баламын», әнін орындаса, «Испан биін», « Көңілді биін» мың бұралған бишілер орындады.  Шараға белсенді қатысқан №222 және №233 мектеп оқушылары да өз өнерлерін ортаға салды. Көрермендер де тыс қалған жоқ, қөрермен арасында ойын өткізіліп, сыйлықтар таратылды.Шара соңында барлық қатысқан балаларға кітапхана атынан балмұздақ таратылды.
Шараға 100 оқырман қатысты

01 маусым 2022 ж. 282

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам