Замана шежіресін шерткен жан
№6 кітапханада академик, ғалым Әлкей Марғұланның 115-жылдығына арналған «Замана шежіресін шерткен жан» атты ауызша журнал №7 мектеп оқушылары арасында өткізілді. Ғалым-энциклопедияшы, археолог, филология ғылымдарының докторы, Бүкілодақтық Географиялық қоғамның толық мүшесі, профессор, ҚазКСР ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Әлкей Марғұлан рухани мәдениет пен қазақ халқының фольклорын зерттеуде маңызды үлес қосты.
Ә.Марғұланның археолог, әдебиеттанушы, қазақ мәдениетін зерттеуші ретіндегі еңбектері журналдың үш беті бойынша айтылды. №235 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Р.Муса, оқырмандар Ә.Жалғасбаев ғалымның өздері оқыған еңбектері туралы айтып, «Ә.Марғұлан -әдеби мұра зерттеушісі» атты кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалды.