Қасіретті жылдар жаңғырығы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Ж. Маханбетов ауылдық кітапханасында 31 мамыр саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты таным сағаты өткізілді.
Шара барысында Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылыры туралы оқырмандарға мағлұмат тар беріліп, есімдері ұлықталды. Жас оқырмандар қазақ зиялыларына арнап жазылған ақындар жырларын жатқа оқып, әдебиеттермен кеңінен танысты.







