Ертегілер әлемі – сиқырлы әлем
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында балалар мерекесіне орай «Ертегілер әлемі – сиқырлы әлем» тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді.
Жас оқырмандар жаңадан келіп түскен кітаптармен, балалар әдебиетімен, ертегі кітаптармен кеңінен танысып, «Қуыр-қуыр, қуырмаш», «Әкесін іздеген ұл», «Ақбота», «Алдар көсе», «Алпамыс батыр» т.б. кітаптарды дауыстап оқыды. Абай аталарының өлеңдерін жатқа оқып, өздеріне арналған анықтамалықтармен, энциклопедиялардан қызықты мәліметтер іздеді.







