Балаларға базарлық
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №8 Ж .Маханбетов ауылдық кітапханасы мәдениет үйімен бірлесіп 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты «Балаларға базарлық» атты ертеңгілік өткізді. Ән айтып, билеп, жатқа тақпақ айтып өнерлерін көрсеткен жас бүлдіршендер «Бейбітшілікті қолдаймыз» тақырыбында асфальт үстінде суреттер салып сайысты.







