Бала бақыт – бала байлық
«Бала бақыт-бала байлық» атты мерекелік ертеңгілік
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада 1-ші Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Бала бақыт – бала байлық" атты мерекелік ертеңгілік №197 мектеп оқушыларының қатысуымен «Қанат» оңалту орталығында өткізілді.
«Қанат» оңалту орталығы дәрігер Сәкен Темірқұловтың басшылығымен 2012 жылы 1 –ші қазанда ашылған болатын. Орталықта бірнеше бағыттар бойынша медициналық- сауықтыру көмегін көрсетеді. Бүгінгі 1-ші Маусым балалар мерекесінде республикамыздың түпкір-түпкірінен келіп осында ем алып жатқан балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қуаныштарымызбен бөлістік. Мерекелік ертеңгіліктің шымылдығын ашқан Батырхан Іңкәр, балаларды құттықтап, жиналған көпшілікке ән, өлең, көңілді би, күйлерімізді рет-ретімен ұсынды. Болатбек Зере «Биле-биле» әнімен балаларға керемет көңіл күй сыйласа, бір топ балалар, балалар ақыны Оразақын Асқардың өлеңдерін оқыды, Қайырбек Аружан «Той бастар» күйін тарту етті. Мереке көркін қыздырып Русланбек Айзере «Беуайдай» әнін әуелете шырқап, бір топ қыздар «Келіншек» күйін тартты. Көңілді өткен мерекелік ертеңгілікті бір топ биші қыздарымыз «Европалық» бимен қорытындылап, балалар көпшілік алғысына бөленді. «Бала бақыт-бала байлық» ертеңгілік үшін ата-аналар орталық әкімшілігі зор алғыстарын білдіріп, балаларға сыйлықтармен мадақтамалар табыс етілді.







