Қазақстанның ғажайып табиғаты

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12кітапхана және  Қызылорда оқушылар сарайы жанынан құрылған «Zhazgy time» күндізгі –шығармашылық лагерімен  бірлесіп «Қазақстанның ғажайып табиғаты»  танымдық әңгіме өткізілді. Шара барысында кішкентай бүлдіршіндер кітап қорындағы табиғат ғажайыптары, тылсым күштері, табиғат құпялары туралы жазылған кітаптармен танысып түрлі мәліметтер алды. Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі. Байтақ жерімізде тау да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақстанның ең биік нүктесі  әрине ол - Хан тәңірі екені бізге мәлім. Тянь-Шянь мен Іле Алатаулары  қылқан жапырақты орман боп келеді. Тау тасты кезген аңдар мен  жыртқыштар көптеп мекен ететін жерлердің бірі. Нұр-Сұлтан  мен  Көкшетау  қалаларының  арасында  Бурабай  курорты  орналасқан. Қазақстан жеріндегі сүтқоректі жануарлардың ең ежелгісі – дала киіктері  және оларды   Арал Қарақұмы , Сарысу  өзені мен бетпақдала төңірегінде кездестіруге болады. Адам табиғаттың бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау , табиғатты сақтау  болашақ  жастар біздің  қолда.

09 маусым 2022 ж. 652

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам