Жер жанаты – Жетісу

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен Жер жанаты – Жетісу» атты  жазғы кітап жобасы аясында танымдық сағат өткізілді. Жетісу – Қазақстанның ең көрікті, әдемі жерлерінің бірі болып табылады. Қасиетті Жетісу жерінің қойнауы тарих пен шежіреге тұнып тұр, сол тарихтың қатпар - қатпар құпиясынан суыртпақтап сыр алсақ аймақтың аңыздарына  тірелеміз. Жетісу солтүстіктен оңтүстікке 900 км-ге, ал батыстан шығысқа 800 км-ге созылған үлкен аумақты қамтиды. Жетісу жерінде  « Алтын емел», «Шарын, Турген шатқалдары», «Әуезді құм», «Тамғалы тас», « Ақсу – Жабағалы» т.б   қорықтар мен туристік жерлері бар. Тылсымға толы тұмса табиғатқа туристер көптеп келеді. Жер жанаты – Жетісу. Тәуелсіздік жылдарында жүзеге асқан талай жетістігіміздің қайнар көзі. Егемен елдің өткенін түгендеп, бүгінін қалыптауға тер төккен талай жақсы мен жайсанның кіндік қаны тамған жер.

   
09 маусым 2022 ж. 320

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам