Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы
№17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында латын графикасын насихаттау мақсатында «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» атты дөңгелек үстел жас оқырмандар арасында өткізілді. Мектеп мұғалімі Искакова Жазира елімізде уақыт талабына сай қабылданған латын әліпбиінің кең қолдауға ие болып, күнделікті қолданысымызға еш қиындықсыз еркін еніп аз уақытта төл әліпбиімізге айналғандығы туралы айтты. Шараға қатысқан жастар жаппай білім-ғылымға ұмтылған өркениетті қоғамда латын әліпбиі негізінде оқып үйренудің маңызы өте зор деген ортақ пікірде ойларын қорытты.







