Қай құс қыстап қалады?

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында Балалар жылына орай,  «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Қай құс қыстап қалады?» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді.  Шара барысында балаларға құстар жайлы қызықты мағлұмат берілді.. Әдетте, біз қыс түскенде барлық құстар жылы жаққа ұшып кетеді деп ойлаймыз. Алайда туған жерін қыстап қалатын да құстар бар. Суыққа төтеп бере алатын, қыста өздеріне қорек таба алатын құстар жылы мекен іздемейді. Көбіне аязды күндері құстар ұшпайды, биікке көтерілген кезде қанаттары қата бастайды. Ал отырғанда қауырсындарының арасында ауа қалады. Ол суықтың құс денесіне өтуіне жол бермейді және жылуды сақтайды.  Ал қыста қандай құстар қыстап қалады?  Осы сұрақтар төңірегінде қыста қыстап қалатын құстар жайлы қызықты хабарлама кішкентай оқырмандарға жеткізіліп, шара соңында балалар кітапханаға оқырман ретінде тіркелді.

 
09 маусым 2022 ж. 257

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам