Ертегілер – ел қазынасы
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана «Ертегімен есейем» жобасы аясында жас оқырмандардың жазғы демалысының белгілі бір уақытын ертегі оқуға баулу мақсатында «Ертегілер – ел қазынасы» атты библиокросс өткізді. Іс-шараға «Балдәурен» жазғы тынығу лагерінің тәрбиеленушілері қатысты.
Іс-шара барысында жас оқырмандар «Тазша бала» және «Күнікей қыз» атты екі топқа бөлініп, тәлім-тәрбиелік мәні зор, баланы мейірімділікке, адалдыққа, әділдікке үйрететін, жамандықтан, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейтін қазақ және әлем халықтарының ертегілерін айтудан, қызықты ойын түрінде ұйымдастырылған «Ертегілер елінде» атты ертегі кейіпкерлерін табудан сынға түсті. Нәтижесінде екі топта тең дәрежеде алғырлықтарын, тапқырлықтарын, ой ұшқырлықтарын, белсенділіктерін көрсетті. Іс-шара соңында балалар кітапхана қорындағы ертегі кітаптармен танысты.







