» » Жастар арасындағы ұлттық тәрбие мен дін

Жастар арасындағы ұлттық тәрбие мен дін

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхана Жастар орталығымен бірлесіп «Жастар арасындағы ұлттық тәрбие мен дін»-атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.Шараның мақсаты:Ислам діні туралы.Мұсылмандықтың бес парызы туралы ұғындыру. Жастарды түрлі теріс ағымдардан сақтандыра отырып, отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау.Дін мәселесі – өте өзекті тақырып. Әсіресе, оңы мен солын әлі жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарасын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түсінік беру тек сала мамандарының ғана қолынан келетіні сөзсіз. Өйткені, үстіртін немесе теріс мәлімет алған жастың жат ағымның жетегіне еріп кете беруі ғажап емес. студент жастарға дәстүрлі ислам дінінің басты құндылықтары жайлы сөз етті. Қазақстанда ислам дінінің ханафиттік мазхабы таралғанын ескере отырып, еліміздің өсіп-өркендеуі, рухани тыныштығы үшін осы бағытпен жүру маңыздылығына назар аударды. «Өкінішке орай, қазіргі таңда жақсылыққа бет бұрдым деп, жат ағымдарға арбалып, адасып жүрген жандар көбейіп кетті» - деп сөз бастаған облыстық штаб мүшесі, имам  М.Байдаулетов. Себебі біздің жас буынның  бойында күш-қуат бар, санасы уланбаған, кез келген ақпаратты тез қабылдап және тез шешім шығара алады, сол жастарымыздың өмірлік тәжірибесі аз болып келеді» - деп қоғам белсендісі,тәжірбиелі психолог Назира Аймаханова өз сөзін аяқтады.
    Шара соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып  толыққанды жауаптар ала алды.

16 маусым 2022 ж. 291

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам