Жұмбақ үшеу-шешуі біреу
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр. № 13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Ә.Тыныбаев атындағы 11 мектеп-лицейдің жанынан құрылған «Ақ көгершін» жазғы тынығу лагерінің балаларымен бірігіп «Жұмбақ үшеу-шешуі біреу» атты жұмбақ шешу сайысы өткізілді. Жұмбақ –ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ қарым-қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Жұмбақтар – оқушының жан-жақты дамуына ықпал етеді. Ол баланың ақыл – ойына үлкен пайдасын тигізеді.







