Ескерткіш – тарихи құндылықтар

     №15 Талсуат ауылдық кітапханасында оқырмандарға тарихи ескерткіштер туралы, олардың тарихи маңызы туралы мәлімет беру арқылы өз жеріне, еліміздің тарихи жәдігерлеріне құрмет сезімдерін қалыптастыру және танымдарын арттыру мақсатында «Ескерткіш – тарихи құндылықтар» тақырыбында іс шара ұйымдастырылып, қаламыздағы  69 тарихи-мәдени ескерткіш туралы, олардың 4-еуі республикалық  маңызды ескерткіштер болса, 30-ы жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізімінде екендігі  және  Ақмешіт мешіті, Айтбай мешіті,  Қаналы әулие мешіті ХІХ ғасыр/ Абай ауылы/, Қорқыт Ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіш-кешені, Құдай Анасы иконасының Әулие-Казаньдық шіркеуі,  «Сыр-Ана» манументі, Cыр Сүлейлері аллеясы, Жалаңтөс баһадүр ескерткіші,  Бұхарбай Естекбайұлының ескерткіші т.б. ескерткіштер туралы айтылып, олардың маңызы мен салыну тарихына тоқталдық.   Осы ескерткіштер біздің тарихымыз және қамқорлықты қажет ететіні айтылып, Қорқыт ата кесенесіне туристердің де өте көптеп келетіні, шет елдіктердің қызығушылығының өте жоғары екендігі айтылды. Кітап көрмесінен:  «Сыр елі»,  Қоңыратбаев Т. «Ертедегі ескерткіштер»,  «Сыр елінің мәдени мұралары»,  «Сыр елінің тарихи- мәдени мұралары» т.б. кітаптар насихатталып, библиографиялық шолу жасалды.

 
17 маусым 2022 ж. 355

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам