Қорған болған халқына- Бұқарбай батыр нартұлға
«Парасат жолы» жобасы аясында №18 кітапханада Естекбайұлы Бұқарбай батыр, туғанына – 210 жылдығына орай, «Қорған болған халқына- Бұқарбай батыр нартұлға» атты кітап көрмесі кітапхана оқырмандарының қатысуымен дәстүрлі түрде өткізілді. Аға кітапханашы Әсем Жолмырзаева шараға қатысушы оқырмандарға кітап көрмесін таныстырып, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің бас батырларының бірі Бұқарбай Естекбайұлының өмірі мен күрескерлік жолы туралы айтып берді. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқарбай батыр Естекбайұлы (1812-1898) – Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Бұқарбай батыр отаршыл патша үкіметіне қарсы күресте өз халқының азаттығы үшін күрескен ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, Сыр бойының дара перзенті. Шараның мақсаты: Өткен тарихымызға деген құрметті арттыру, батыр есімін ұлықтау. Жастарды отансүйгіштікке, тарихын білуге тәрбиелеу.







