Қазақтың жарық жұлдызы

   «Парасат жолы» жобасы аясында  №13 балалар кітапханасының Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері – Ғани Мұратбаевтың – 120 жылдық  мерей той аясында «Қазақтың жарық жұлдызы»  атты  кітап көрмесі өткізілді. Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушылары қатыстырылды. Ғани Мұратбаевтың өмірі туралы мәліметтер насихатталды. 
    Қазақ халқының көгінде құйрықты жұлдыздай жарқырап, шұғылалы із қалдырып кеткен, ел - жұртын жалын жүрегімен жылытып өткен Ғани Мұратбаев халықты ізіне ерте білді.
    Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер - күш пен ақыл - парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады. Егер сарғайған тарих парақтарына көз салсақ, он бес жасар баланың аласапыран кезеңде мәртебелі де лауазымды ұйымның мүшелігіне қабылдануы тектен - тек болмаса керек. Тұла бойы қайсарлық пен қайратқа, намыс пен жігерге, ойы ақыл мен парасатқа толы Ғани шығыс жастарының кемел келешегі үшін өмірін сарп етті.

21 маусым 2022 ж. 53

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам