Отбасы- тіршілік тірегі

       Талдыарал ауылдық №11 кітапханада «Отбасы- тіршілік тірегі» атты қыз-келіншектер арасындағы  дөңгелек үстел  ұстаздар мен белсенді оқырмандар арасында өткізілді.  «Отбасы- бұл қоғам негізі» тақырыбында  мектеп мұғалімі  Ғ.Нағышыбаева   баяндама жасап,  «Отан отбасынан басталады» деген халық даналығына түсінектеме берді.    Еліміздің болашағының тізгінін ұстар ұрпақ  тәрбиелеп, ата- бабамыздан қалған ұлттық тәрбиеге дақ түсірмей санасына сіңіру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы  екендігін ұстаз А.Нұрымбаева түсінікті етіп жеткізіп, оқырмандар отбасының беріктігі  және отбасындағы бала тәрбиесі, оның құқықтары жайлы пікір алмасты. Бірнеше кітаптар мен мерзімді басылымдар оқуға  ұсынылды.
 
15 мамыр 2019 ж. 970

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам