Қазақтың бір туар қызы

    №19 кітапханада «Қазақтың бір туар қызы»-атты онлайн шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызының еліне жасаған еңбек жолын паш ету, жас оқырманға өзі жерлес болған тұлғаны кеңінен таныту, насихаттау. Қазақтың біртуар қызы, суретші Қожықова Ләтипа Мұңайтпасқызының дүниеге келгеніне биыл 130 жыл толып отыр. Бойында сан қырлы өнері болған осынау тұлғаның өмірі мен өнері туралы екінің бірі білсе, бірі біле  бермейді. Біз сөз еткелі отырған хас шебер, суретші, әртіс, сән үлгісінің шебер тігіншісі Ләтипа Мұңайтпасқызы 1892 жылы қазіргі Сырдария ауданының Қоғалыкөл ауылында дүниеге келген. КСРО, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Қарапайым ауыл мектебінен дәріс алған.Қазақтың осындай біртуар қызының өмірі сағымдай болып ұшып кетті десек те, артында сансыз ізгілікке толы әсем де әдемі із қалдырған.


 
22 маусым 2022 ж. 47

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам