Жасымнан назым сөзге шебер едім

   №16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» «Парасат жолы»  жобасы аясында Сыр бойының  ақын-шайыры, аудармашы  Тұрмағамбет Ізтілеуұлының  140 жылдығына орай  «Жасымнан назым сөзге шебер едім» атты библиофреш   өткізілді.
   Тұрмағамбет Ізтілеуұлы – ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар, ерекше ақын. Ол шығармаларында өзі өмір сүрген дәуірінің шындығын – халықтың тұрмыс-тірішілігін, талап-тілегін, қоғамдық қайшылықтарын,  әлеуметтік жағдайын қозғайды. Ақынның алуан тақырыпты, сан салалы, маңызды да мәнді шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорын байыта түсті.  Бүкіл әлемге әйгілі Шығыс классигі  Ә. Фирдоусидің «Шаһнаме» атты еңбегін қазақ тіліне аударып, бұл шығарманы зерттеушілер жоғары бағалады. Шара барысында ақынның 4 томдық шығармаларына, Ә. Фирдоуси «Шаһнамесінің» желісімен жырланған 2 томдық  тарихи дастанына,  Ұ.Жанбершиеваның «Т. Ізтілеуовтың әдеби мұрасы» атты әдебиеттерге шолу жасалып, оқырмандарға таныстырылды.

 
24 маусым 2022 ж. 342

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам