Кінәмшіл бойжеткен
Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №18 кітапханада қазақтың заңғар жазушысы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Әуезов Омарханұлының туғанына-125 жылдығына орай, «Әлемге әйгілі Әуезов» тақырыбындағы М. Әуезовтың «Кінәмшіл бойжеткен» әңгімесіне кітап талдауы дәстүрлі түрде өткізілді. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Прозалық шығармаларында адам әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен байланыстырып, кейіпкер психологиясының иірімдерін, халық тіршілігін, ұлттық сипатын шебер суреттей білген. Шараға қатысушы кітапхана оқырмандары Төребаева Жұлдыз, Омарова Фарида, Жұмахметова Жансая кітап талдауға белсене қатысты.







