Ертегілер елінде
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Талдыарал ауылдық №11 кітапханасында "Ертегілер елінде" атты дауыстап оқу шарасы өтті. Жас оқырмандарды зеректікке, шыдамдылық пен сабырлылыққа және білімін дамыту, өз бетімен білім алуға дағдыландыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген шараға мектеп жанынан құрылған "Балдәурен" лагерь оқушылары қатысты.







