Ертегімен есейемін
Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты №1 кітапхана жүйесі «Жазғы кітап» бағдарлама аясында «Сыр еркесі» бөбекжай бақшасында «Жұлдыз ересек тобымен» «Ертегімен есейемін» атты «Алма» ертегісін айту шарасы болып өтті. Алма ертегісін әңгімелеп беру арқылы, ертегі тыңдауға қызығышылығын ояту, мазмұнын түсіне білуге үйрету, ой-өрісін, қабілетін дамыту, балаларға қайырымдылық, достық туралы түсінік беру және татулыққа, бірлікке, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу. «Сыр еркесі» бөбекжай бақшасының уақытша меңгеруші қызметін атқарушы Шарбану Адилбаева және топ тәрбиешісі Пірмантаева Жанар шараға белсене араласып,кітапханашыларға алғыстарын айтты.Алдағы уақытта кіп кішкентай балаларға кітап оқуға шақыра отырып ,осындай шараларға жиі келіп тұруымызды өтінді.







