Отбасы көркем әдебиетте
№ 17 кітапханада отбасы күніне орай « Отбасы көркем әдебиетте» атты шолу өткізілді. Отбасы-адам өмірінің тамаша шақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны, ұшқан жанұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. Отанды, отбасын сүюге тәрбиелейтін Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша», Т. Иманбековтың «Үлкен үй», Ә. Қалдыбаевтың «Мен-апамның баласымын», Т. Әбдікұлының «Әке», Қ. Омаровтың «Көп балалы үй» т.б кітаптарына шолу жасалып, жас буын өкілдеріне тәрбиелік маңызы бар шығармалар насихатталды.







