Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары
«Бір ел – бір кітап » республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармалары ұсынылды
Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Оның халық, ел үшін жасаған еңбегі зор. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 - 1915 жылдан 1927 - 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліп - биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.Осы орайда Ақжарма ауылдық №9 кітапханада «Әдеби жұлдыз» «Барлығы үшін бірі үшін оқу» әдеби вернисажы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушыларды сусындата отырып, оның туған халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету.
Шарада кітапхана оқырманы Дарханқызы Инабат ақынның нақыл сөздерін жатқа айтса,Аділхан Інжу «Жұртыма», Есқалиева Алия ақынның «Замандастарыма» өлеңдерін жатқа оқыды Кітапхана оқырманы Бөбекова Зәуре кітап көрмесіне шолу жасап оқырмандарды кітап оқуға шақырды.







