Ақ боз үй

   Талдыарал ауылдық №11 кітапханасында биылғы мерейтой иесі Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй» романына кітап талдау өткізілді .Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» шығармасы- ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргін кезеңінде ашаршылыққа ұшыраған халықтың халін,  асыра сілтеудің елге тигізген зардабын шебер суреттейтін көкем туынды. Жазушы билік басындағы әділетсіздікті өткір әшкерелеп, қазақ тарихына ақтаңдақ болып түскен отызыншы жылдар оқиғасын кең және ауқымды көрсетеді. Роман желісі біздің аға ұрпақтың жастық шағы, көшпелі қазақ ауылының  жаңа өмірге ауысу кезеңі арқау болды. Шығарманың бас кейіпкерлері Хансұлу мен Шегенің тағдырынан, жас отбасының басынан өткен шым-шытырық оқиғадан күрделі дәуірдің тынысы шынайы көрінеді.Кітап көрмесі ұйымдастырылып, роман желісіндегі басты кейіпкерлер Хансұлу мен Шегенің қиын отбасылық өмірлері жайлы кітапхана оқырманы Сейіл Тұрар айтып берді.

   
30 маусым 2022 ж. 190

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам