Домбырам-қасиеттім,киелім
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапханада «Парасат жолы» жобасы аясында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбырам-қасиеттім,киелім» атты онлайн сағаты өткізілді. Домбыра – көненің көзі,бабадан қалған асыл мирас. Халқымыздың қадір тұтып,төрге ілген киелі аспабының құрметіне Елбасы мұрамызды жаңғыртып,өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күнін белгіледі. Домбыра күнінің ұлттық мерекеге айналуы – көнеден жеткен рухани байлығымызға берілген лайықты баға. Домбыраның пернесінен шыққан күйде халқымыздың терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадір тұтуымыз қажет.
Онлайн өнер сағатының негізгі мақсаты- жалпыұлттық патриотизм,елжандылық рух туғызу,ұлттық болмысты сақтап,өскелең ұрпаққа ұлттық өнерді дәріптеу,ұлттық аспап домбыра туралы ақпараттар арқылы домбыраның маңыздылығын көрсету,белгілі күйшілермен таныстыру.ата–бабаларымыздың домбыраға деген құрметін жалғастыру,баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақ¬ты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру.







