Елорда-Тәуелсіз Қазақстан символы.

 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6  кітапхана «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Елорда-Тәуелсіз Қазақстан символы» атты шара ұйымдастырды.Жаңа Тәуелсіз Қазақстанды бейнелейтін жаңа елордамен қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының арманы мен үміті астасып жатыр. Астана, бір жағынан, жаңа Қазақстанның мақтанышына, екінші жағынан —ұлттық идеяны орнықтырудың және елді біріктірудің  нышанына айналды. Елордамыздың туған күні құрметіне арналған «Астана-ұлы дала елордасы» атты кітап көрмесіне оқырмандарға Қазақстан Тәуелсіздігінің символы болып табылатын еліміздің басты қаласының тарихы туралы кітаптар қойылып,оқырмандарға ұсынылды.Іс шараның мақсаты-кез келген жастағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды кітап оқуға ынталандыру,әлеуметтік қорғаусыз топтарға кітапханалық қызмет көрсету, Мәңгілік елдің арқауы-Елордамыз туралы кітаптарды насихаттау.
[media=https://youtu.be/y2-GoilKMKw]
06 шілде 2022 ж. 227

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам