Ерлік- ұрпаққа ұран

    № 14 Белкөл кенті  кітапханасында    Отан үшін от кешіп, қан майданда кеуделерін оққа тосқан ата- әжелеріміздің ерліктерін дәріптеу,   тағзым  ету мақсатында  "Ерлік- ұрпаққа ұран" атты  әдеби-жыр  кеші   жас оқырмандар арасында  өткізілді. №189 орта мектебінің    оқушылары  А.Зейноллақызы , А.Мұхаметжан ,  А. Нұрлыбаева   соғыс майдангерлеріне арналған  өлең-жырларын   жатқа  оқып,  әндер шырқалды.   Майданға қатысып, хабар-ошарсыз кеткен жерлес жауынгерлеріміз жайлы "Боздақтар"  кітабынан мол мағлұмат берілсе, Ерлікті сүйген ел нұрлы" атты кітаптан қызылордалық майдан жауынгерлері жайлы естеліктер әңгімеленді.    Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып,  кітапханаға оқырмандар тіркелді. 
16 мамыр 2019 ж. 1 363

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам