Мәншүк мәңгі есім.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 18 кітапханада Кеңес Одағының Батыры, пулеметші Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай "Мәншүк мәңгі есім" атты танымдық сағат өткізілді. №3 гимназия -лицей, №271, №197 мектеп оқушылары белсене  қатысып, Мәншүк туралы жырларды мәнерлеп жатқа оқыды. Қазақтың батыр қызының өнегелі өмір жолы мен ерлік жорықтары кеңінен таныстырылып, кітаптар оқуға ұсынылды. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы Орал облысы Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген.Мәншүк 1931- 1938 жылдары Алматы қаласындағы №28 мектепте білім алады.Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.1942 жылы тамызда Мәншүк өз еркімен Қызыл армия қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк Мәметова ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ жаудырып, қаһармандықпен қаза тапты.

08 шілде 2022 ж. 459

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам