Сырдың сұңқар ақыны.

Сыр  бойындағы жазба-айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі, әйгілі ақын-шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 140 жасқа толуына орай, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің «Ақбаян» ән вокаль үйірмесі және «Тәлім» жыр-терме үйірмелерімен «Сырдың сұңқар ақыны»атты  жыр сағаты өткізілді.Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығы таныстырылып, М.Ералиева атындағы мәдениет үйі жанынан ашылған «Ақбаян» ән-вокаль  үйірмесінің жетекшісі Шерниязов Жұмабай ақынның «Адамдық іс», «Рубайлар, нақыл сөз», «Бар мен жоқ, ал мен бар» атты термелерін «Тәлім» жыр терме үйірмесінің жетекшісі Алғазиев Қуаныш «Өсиет» және де үйірме мүшесі Дәулет Ғалымжанұлы «Тәлім» термесін орындаса тағы да басқа жас таланттар ақынның термелерін орындап, жырдан шашу шашты.«Сырдың сұңқар ақыны» атты ақын шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, 2013 жылы жарық көрген «Шаһнама» дискілі зерттеулер еңбегі, екі кітаптан тұратын «Шаһнама», Фирдоуси желісімен жырланған тарихи дастан «Дешті Қыпшақ»,Алматы баспасынан 2007 жылы жарық көргенТ.Ізтілеуұлы шығармалары,Ұ.Жанбершиеваның Алматы «»Арыс» баспасынан 2013 жылы жарық көрген «Тұрмағамбет Ізтілеуовтың әдеби мұрасы» атты әдеби зерттеу еңбегі, Т.Ізтілеуовтың Алматы «Жазушы» баспасынан 2007 жылы жарық көрген 4 томдық жинақтар,«Сырдария кітапханасы» сериясымен Астана «Фолиант» баспасынан 2009 жылы басылып шыққан 2 томдық  шығармалары және т.басқа әдебиеттер қойылып оқырмандарға таныстырылды.

11 шілде 2022 ж. 337

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам