Ұлттық ойын- ұлт қазынасы.
«Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» атты онлайн танымдық әңгімесі.Ұлттық ойындарымыздың тарихы тым тереңде жатыр. Осы орайда тәрбиелік мәні зор, атадан балаға мирас болып келе жатқан рухани құндылығымыз ұлттық ойындарымыз жайлы мол мағлұмат беру, жас ұрпақтың таным көкжиектерін кеңейту, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында №6 кітапхана «Парасат жолы» жобасы аясында «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» атты танымдық әңгімесін ұсынады. Іс-шара барысында адамды ептілікке, шапшаңдыққа,зеректікке,жылдамдыққа,шыдамдылыққа тәрбиелейтін ұлттық ойындарымыздың тарихы, ережесі, әдіс-тәсілдері жайлы әңгімелер айтылды.







