Исламның арқауы-ізгілік.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана «Исламның арқауы-ізгілік» -атты таным сағатын жасөспірім оқырмандар арасында Нұрмахан Ақан мешітінде ұйымдастырды.Жастарды түрлі теріс ағымдардан сақтандыра отырып,отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатындағы іс-шарада ұстаз Ғаниқызы Қарақат жастарға ислам діні туралы жалпы түсінік беріп,мұсылмандықтың бес парызы туралы айтты.Оңы мен солын әлі жете танып-білмеген өрімдей жастардың діни көзқарасын қалыптастыру, оларға салиқалы әрі салмақты түсінік беру, үстіртін немесе теріс мәлімет алған жастың жат ағымның жетегіне еріп кете беруі ғажап еместігі түсіндіріліп,жастарға дәстүрлі ислам дінінің басты құндылықтары жайлы сөз етілді.Шара соңында оқырмандар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып толыққанды жауаптар ала алды.







