Ұлттың ұлы ұстазы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №2 балалар кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акция аясында Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай дуалдық білім беру орталығының жетекшісі Шамшырақова Гульнардың қатысуымен «Қазақ халқының рухани көсемі»атты әдеби кеш өтті. Кеш «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесіндегі ұсынылған кітаптармен таңыстырудан басталып,Г.Шамшырақова қоғам қайраткері, аудармашы, ақын, публицист–Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталды. Жас оқырмандар ақынның бірнеше өлендерін жатқа оқыды.







