Менің білімім- жарқын болашағым.
2022-Балалар жылына орай №15 Талсуат ауылдық кітапханасы жас оқырмандармен«Менің білімім- жарқын болашағым» атты таным сағатын өткізді.Біріншіден балалармен кітаптар патшалығына саяхат жасалып, өздеріне арналған қазақ, әлем ертегілері, көркем әдебиеттер мен қатар анықтама, сөздіктер, энциклопедиялармен танысты. Олар шытырман оқиғалы қызықты әңгімелермен батырлар жырларына қызығушылықтарын білдіріп, оқуға жаздырып алды.Ақын жырларын мәнерлеп жатқа оқыған балалар,сан түрлі сұрақтарға жауап берін, шешімі табылмаған сұрақтардың жауабын кітаптан іздеп, тапқырлықтарын көрсетті.







