Сыр сүлейлерінің көшбасшысы.

  Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №18 кітапханада  Жырау Базар Оңдасұлының туғанына180жылдығына орай"Сыр сүлейлерінің көшбасшысы" атты  өнертану кеші  №271 мектеп оқушылары мен Оқушылар сарайы жанындағы жыр-терме үйірмесінің ұстазы Рүстембеков Нұрбол Көшенейұлының қатысуымен дәстүрлі түрде өткізілді.Оқырмандарға арқалы ақын, қазақ ақын-жырауларының арасында топ жарған бірегей талант иесі Базар жырау Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы кеңінен әңгіме леніп,көрме таныстырылды. Жыршы-термеші Нұрбол Көшенейұлы Базар жырау жырларын орындап,оқырмандарға ерекше көңіл -күй сыйлады.Базар жырау Оңдасұлы 1842 жылы, қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданының маңайы Шірік Рабат деген жерінде дүниеге келген. 15-16 жасынан бастап жиын-тойларда ақындық өнерімен көзге түскен Базар бала жырау атанады. 1858 жылы Қызылқұмда өткен ұлан - асыр тойда ел жақсылары Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, шапан жауып, жыраулық жолына сәттілік тілеп, ақ баталарын береді. Осы кезден бастап Базар жырау ел аралап Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, жаттап,  халық арасында жырлайды. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең - жырлары,5 дастаны сақталған.«Жәмиғы қазақ бір туған», «Мүсылманшылық кімде жоқ?», «Өткен өмір» сияқты жырлары көпшілік жүрегінен орын алып келеді. Базар жырау өмірінің соңғы жылдары Тамды жерінде өтеді.
21 шілде 2022 ж. 241

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам