Дәрі орнына дәрумен.

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №20 кітапхана «Дәрі орнына дәрумен» атты денсаулық сағатын оқырман назарына ұсынады.«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп дана халқымыз тектен- текке айтпаса керек. Адам – өз өмірінің суретшісі. Оны ешқандай дүниемен алмастыра алмаймыз.«Табиғатта адам үшін табиғи тағамнан артық дәрі де, дәрумен де жоқ. Тек дұрыс тамақтану, тағамды таңдай білу, күтіну ғана адамды барлық ауру-сырқаудан құтқара алады». Дәрумендер - әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамнан басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттар болып табылады.Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылатыны белгілі. «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Осы орайда,салауатты өмір сүру салтын ұстанып,  денсаулыққа немқұрайлы қарамаған жөн.
22 шілде 2022 ж. 236

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам