Ұлттың тұңғыш гроссмейстері.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапханада «Жазғы кітапхана» бағдарламасы аясында» «Ұлттың тұңғыш гроссмейстері» атты ақпараттық сағат өткізіліп,жас оқырмандар Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы Асанов Болат Кәрішалұлының есімімен кеңінен танысты.Кітап қорындағы шахмат жайлы кітаптарға шолу жасалып,шахмат ойыны жайлы жалпы түсінік берілді.Асанов Болат Кәрішалұлы 7 мамыр 1961 жылы Алматы қаласында дүниеге келген,шахматшы,қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш халықаралық гроссмейстер (1994),Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1995).ҚазМУ-ді бітірген (1984). 1973—80 ж. әлем чемпионы М. Ботвинниктің шахмат мектебінде жаттықты. Көптеген халықаралық жарыстарға қатысқан.Мұсылман елдері бойынша өткен шахмат турнирінің жеңімпазы (1992, Бағдат),Азия чемпионы (1993).1994 жылдан ФИДЕ Орталық комитетінің мүшесі, 1995 жылдан ФИДЕ президентінің кеңесшісі. 1996 жылдан шахматтан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы.







