Тауып көр...
2022-Балалар жылы. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Тауып көр...» атты көрме-викторина өткізілді. Көрмеге қазақ ақын-жазушыларының шығармалары қойылып, ойын шарты бойынша кітапханашы үзінді оқиды, балалар сол шығарманы жылдам тауып сөреден көрсетуі керек. Жас оқырмандардың тапқырлықтары белсенділігі арқасында шара қызықты әрі тартымды өтті. Шара барысында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың «Өлең - сөздің патшасы,Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жастық туралы», Міржақып Дулатұлының «Арманым» және т.б.шығармаларынан үзінділер оқылып, ертегілер айтылды.







