» » Ядросыз әлем жаһандық қауіпсіздік кепілі,

Ядросыз әлем жаһандық қауіпсіздік кепілі,

   А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «6-тамыз Ядролық қаруға қарсы күрес» күніне орай «Ядросыз әлем жаһандық қауіпсіздік кепілі» тақырыбымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.Ядролық қарудан бас тарту мәселесі барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар XX ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. 1989 ж ақпанда КСРО жоғарғы кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада- Семей» қозғалысы қалыптасты.Кітапханашы Г.Молдасанова кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу  жасап,«Невада- Семей» қозғалысы  жайлы, жалпы  Қазақстан – ядролық қаруға қарсы күрестің әлем мойындаған  көшбасшысы және де  еліміз ірі ядролық державаның кейінгі ұрпақтың бейбіт болашағы үшін жаппай қырып жою қаруын жинақтаудан бас тартудың айшықты үлгісін көрсеткен мемлекет екенін   айта өтіп, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды.
01 тамыз 2022 ж. 520

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам