Вакцина егу дерттің алдын алу.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1кітапхананың ұйымдастыруымен №4 емхана мамандарымен«Вакцина егу дерттің алдын алу» атты мамандармен оқырмандардың кездесуі өткізілді.Қазіргі кезеңде жер бетіндегі 66 елде коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізілуде. Әлем бойынша маңызды шараға аймақ жұртшылығы да қатысты. Дей тұрғанмен, тұрғындар арасында КВИ-ге қарсы егіліп жатқан препаратқа байланысты сұрақ көп туындауда. Әсіресе, жұртшылықты вакцинаның сапасы мен оны қабылдағаннан кейін ағзада пайда болатын белгілер толғандырады.Осы орайда, Тасбөгет кентінің №4 емханасының дәрігері,жауапты маман Мұхитқызы сөз сөйлеп,сұрақ жауаптарға жауап берді. Сондай ақ қазіргі таңда 4 рет вакциналау жүргізіліп жатқанын жеткізді.







