Төрт түліктің төресі кім?
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасында «Жазғы кітап» бағдарламасы аясында «Төрт түліктің төресі кім» атты сұрақ – жауап сайысы өткізілді. Жас оқырмандардың Тасбөгет кентінде орналасқан орталық алаңдағы Түйелер көші бейнеленген кіші архитиктуралық формаға саяхат жасауымен басталды.Төрт түлік туралы көптеген мәліметтерге қаныққан балалар қызықты кітаптармен кеңінен танысты.Сұрақ-жауап сайысында кітапхананың белсенді оқырмандары Қазбек Дидир, Рожков Усамат, Ахан Арнұр белсене жауап беріп сыйлыққа ие болды.Кітаптардан қызықты әңгімелер оқылып, өлеңдер айтылып, жұмбақ шешіліп, мақал –мәтелдер айтылды. Қазақ халқы ежелден – ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Қазақ халқы ғасырлар бойы малдың өрісін, тіршілік ету сырын, жай - күйін, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Біздің халқымызда төрт түлікке байланысты ұлттық ойындар,өлеңдер, жұмбақтар, ырым - тыйымдар өте көп. Төрт түліктен алынатын, халық тұтынатын өнімдерде өте көп. Сүтінен сусындар, етінен қазы - қарта жал - жая, жүнінен әр түрлі жылы киімдер терісінен етік, тон, баскиім, аяқкиімдер тігіледі.







