Кәусар бұлақтай сұлу үн.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапханамен М.Ералиева атындағы мәдениет үйі қызметкерлері бірлесіп Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші М. Ералиеваның туған күніне арналған «Кәусар бұлақтай сұлу үн» атты еске алу кешін өткізді.Мәдина Ералиева – қазақтың күміс көмей әншісі ғана емес, талай бойжеткеннің ән әлеміне еніп, әнші болсам деген аяулы армандар ұялата білген ұстаз еді.Әншінің өнегелі өмірін келер ұрпаққа насихаттау мақсатындағы шараға әншінің бірге оқыған студенттік құрбысы Айтимова Оразкүл Олжабайқызы мен мәдениет майталманы, «Қожабековтер» халықтық отбасылық үлгілі ансамблінің көркемдік жетекшісі, әнші Қуаныш Ахметқызы қатысып әнші туралы жақсы лебіздерін білдірді. Әншінің «Ақ баян» бөлмесіне шолу жүргізіліп,репертуарындағы әндер орындалды.Кітап көрмесі таныстырылды.







