Еңбектен бақыт тапқан ана.

  Еңбектен бақыт тапқан ана атты өнеге  сағаты.Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №16 кітапханада «Жазғы кітапхана» бағдарламасы  аясында Социалистік Еңбек  Ері АйшаМеңлібаева  өмірінен «Еңбектен бақыт тапқан ана» атты өнеге сағаты  өткізілді. Айша Меңлібаеваның  халқы  үшін   аянбай  еткен  ерен еңбектері  оқырмандарға кеңінен насихатталып, кітап қорындағы өзіне қатысты деректер таныстырылды.Шараның мақсаты:Жас  оқырманға Сыр елінің еңбек ардагерінің еңбегін   насихаттау, өнегелі өмірін ұрпаққа үлгі ету.Айша Меңлібаева 1912 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы,11-ауыл  қазіргі Бірінші май ауылдық кеңесінде дүниеге келген.Шопан, еңбек ардагері, «Қазақ КСР социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебер», Социалистік Еңбек Ері (1958) марапаттарына ие,1962 –1965 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты  болып қызмет атқарған. Еңбекке 18 жастан (1930) араласқан. 1941 жылы майданға аттанған ерінің орнына аға шопан болды. 1957 жылы 100 саулықтан 139-дан қозы өсіріп, әр қойдан 3,1 кг-нан жүн қырықты, қаракөл елтірісінің 73%-ын бірінші сортпен өткізді.1963 жылы 1 май атындағы ұжымшар «Первомайский» кеңшарының құрамына енген кезде Меңлібаева ірілендірілген шопандар бригадасын ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді, оны облыс жастары қызу қостады. Көп ұзамай бұл бастамасы республиканың барлық түкпірлерінде қолдау тапты.Ленин орденімен марапатталған.
04 тамыз 2022 ж. 327

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам